Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2026 22:56 Сурет: polisia.kz
Күдіктіні ұстау мақсатында кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, 11 наурыз күні полицияға тонау әрекеті туралы хабарлама түсті.

Камзин көшесіндегі тұрғын үйдің лифтінде, кейін подъезінде белгісіз ер адам зейнеткердің азық-түлік салынған пакеті мен әмиянын тартып алуға тырысқан. Алайда күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

"Жедел қызметкерлер күдіктінің қашу бағыттарын, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеді. Нәтижесінде Екібастұз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.

Аталған факті бойынша тонауға оқталу дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: