Ақтауда есірткі жарнамалаушылар ұсталды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2024 15:16 Фото: pexels
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлерімен қоғамдық орындарда есірткіні заңсыз жарнамалау фактілерінің алдын алу мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілді.

Бірлескен жұмыстар нәтижесінде синтетикалық есірткілерді заңсыз жарнамалау фактісінің жолы кесіліп, Ақтау қаласының үш адамнан тұратын топ ұсталды.

Ұсталғандардан "МЕФ, СК, DUNE24CC,VPN" жазулары бар трафарет, фломастер, балта, бита, 20-дана сырлауға арналған баллончиктер, 83 дана жарнама парақшалары, QR-код жазылған буклеттер және т.б. заттар, сондай-ақ есірткі заттары тәркіленіп алынды.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен және ҚК-нің 299-1-бабының 2-бөлігінің 1, 2) тармақтарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдіктілер тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: