Түркістан облысында адам саудасымен айналысатын тұлға ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2024 10:36 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, "Ш" есімді азамат адам саудасы үшін 400 мың теңге алу барысында ұсталды.

Түркістан облысының прокуратурасының мәліметінше "Ш" есімді азамат соңғы 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды.

Сонымен қатар тағы 10 азаматтың адам саудасымен айналысу қатыстылығына тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жария етілмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: