Ақтөбеде полиция бойжеткенді бопсалаған күдіктілерді ұстады

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2024 16:01 Сурет: ҚР ІІМ
Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында бойжеткеннен 300 мың теңге сомасында ақша бопсалаған Ақтөбе облысының екі тұрғынын ұстады.

Жас жігіттер қыз баланы оның интимдік сипаттағы фото-бейнематериалдарын жариялайтынын айтып қорқытқаны анықталды.

Полиция бопсалаушы жігіттердің бірін Ақтөбе қаласында аталған соманы жәбірленушіден алу кезінде қолға түсірсе, екінші күдіктіні Хромтау қаласынан ұстады.

Ұсталған күдіктілер кінәсін мойындады, олардан заттай айғақтар – 300 мың теңге сомасындағы ақша және әшкерелейтін материалдары (интимдік фото-бейне жазбалар) бар телефон тәркіленді.

Қорқытып алушылық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: