Полиция миллион доллар бопсалаған БҚО тұрғынын ұстады

Полиция миллион доллар бопсалаған БҚО тұрғынын ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2024 09:00 Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған өңір тұрғынын ұстады.

Күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алу сәтінде құрықталды.

"Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 млн теңге тәркіленді. Сонымен қатар қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды." БҚО ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр (Бопсалау). ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: