Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы мешіттегі атысты Австралияның әсіреоңшыл көзқарастағы азамат жасаған, деп хабарлайды РИА Новости New Zealand Herald газетіне сілтеме жасап.
Атыс Крайстчерчтегі екі мешітте және қалалық ауруханада болған. Бұған дейін тоғыз адамның қаза тапқан хабарланған еді. Бірақ, ТАСС ақпаратынша, ең азы 27 адам көз жұмған, тағы 30 шақты адам ауруханаға жеткізілген.
Божанып отырған қаныпезер 37-парақты "манифест" қалдырып кеткен, ол оның ішінде өзінің ой-мақсаттарын көрсеткен.
Қауіпсіздік мәселесі бойынша сарапшы Артур Бьюкенен құжаттармен танысқанын айтты. Оның ойынша, қаскөй ақ нәсілділердің артықшылығы теориясының айқын сөйлейтін жақтаушысы көрінеді.
Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джасинда Ардерн Крайстчерчтегі қанды оқиғаны мемлекет тарихындағы ең "қаралы күндердің" бірі екенін атады.
- Крайстчерчтегі оқиға - бұл қатыгездіктің ерекше және теңдессіз акты болып табылады. Оған Жаңа Зеландияндияда орын жоқ. Жапар шеккендердің көпшілігі - мигранттық қауымның мүшелері, Жаңа Зеландияндия олардың үйі. Олар деп отырғанымыз - мына біздер, - деді Ардерн.