ҚР ҰҚК баспасөз қызметі Шымкентте арнайы операцияның жүргізілгенін хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
- Шымкент қаласы бойынша ҰҚКД Ұлттық гвардияның арнайы бөлімшесін жұмылдыру арқылы жергілікті кәсіпкерлерден тұрақты түрде ірі көлемде ақша бопсалап келген ҰҚТ алты мүшесін ұстады, - делінген ҰҚК хабарламасында.
Бұдан бөлек, қылмыстық ұйымның мүшелері бірқатар зорлық қылмыстарын жасады деп күдектілініп отыр, оның ішінде қару қолдану арқылы да жасалғандары бар.
- ҰҚТ негізін ауыр қылмыс жасағандары үшін сотты болған, деструктивтік діни ағымды ұстанушылар құраған, - деді ведомстводағылар.
Банда мүшелерін құрықтау олардың кезекті кәсіпкерге зорлық көрсетіп, оның өміріне қауіп төндіру арқылы одан 10 мың АҚШ долларын бопсалап жатқан сәтте жүргізілген.
- Тінту жұмыстары жүргізіліп, ҰҚТ мүшелерінің қару-жарақтары сақталған құпия орын анықталды. Бес атыс қаруы мен олардың оқ-дәрілері тәркіленді. Қазіргі таңда олардың діни сарындарға байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтар жасаған болуы мүмкін екендігі жайлы деректер тексеріліп жатыр, - деді ҰҚК өкілдері.