Жетісайдағы 1991 жылғы өгей ананың жауыздығы жаға ұстатты

facebook.com
Бес күннен бері ауруханада жатқан қыздардың жағдайын жергілікті атқамінерлер тіпті сұрамаған.

Түркістан облысындағы Жетісайда 1991 жылғы әйелдің үш қыз балаға жауыздық жасағаны белгілі болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде Әсет Әссанди жазады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Апалы-сіңлілі: 2003 жылғы Салима, 2005 жылғы Мәншүк, 2007 жылғы Милана. Бұл қаракөздеріміздің көрмеген қорлығы қалмапты. Өгей аналары, 1991 жылғы Көбеева Жұлдыз фашистерден де асып түскен сияқты. Кәмелет жасына толмаған қыздардың тырнақтарының астына қайта-қайта ине тығып, жылайын десе, ұрып-соғып "күліп тұр" деп, жандарына батып тұрса да, езулерін тартқызып, тоңазытқышқа бірталай уақыт отырғызып қинап, қайшымен денелеріне жарақат салып, шайларына гель қосып беріп ішкізіп, тіпті жыныстық мүшелерін кемпірауызбен қысып, жарақат салып жүрген екен. Бұл қыздардың көрген азаптары адам айтқысыз. Айдың-күннің аманында осындай жағдайды "жабулы қазан жабулы" етіп қалдыруға ұмтылған Жетісай Ауданы басшыларының, құзырлы мекемелерінің не бала-шағалары, не жүректері жоқ деп қаласың осындайда!

Бес күннен бері ауруханада жатқан қыздардың жағдайын жергілікті жердің атқамінерлері тіпті сұрамаған да! Ал, көмек беру туралы мүлдем әңгіме жоқ! Иә, бір адамның жауыздығына мың адам жауапсыздығымен жауап беріп жүргеніне еріксіз қайран қаласың!

Жетісайдан табылмаған арашаны Түркістан Облысының басшылары, заң орындарынан, денсаулық сақтау басқармасынан сұраймыз! Қаракөздерімізді жылатуға жол бермейік!

Және әлгі өгей шешелерін қатаң жазаға тартайық", деп жазады ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды