Delica-дан дым қалмады – Алматыда аса ауыр жол апаты болды

zakon.kz
Соққының күші сонша, микроавтобус кузовының алдыңғы жағынан түк қалмады.

Алматыда кісі өлімімен аяқталған жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат Жаңа жол мен Өтемісов көшелерінің қиылысында болған.

Жүк тиелген КамАЗ жүргізушісі қиылыста бағдаршамның қызыл шамын күтіп тұрғанда артынан күшті соққы болғанын сезеді. Кабинасынан түскен ол КамАЗ-ының артына Mitsubishi Delica-ның оңбай соғылғанын көрді. Соққының күші сонша, микроавтобус кузовының алдыңғы жағы ішіне кіріп кеткен. Жүргізушінің мұндайдан аман қалуы мүмкін емес еді.

Тежегіштің жолда қалған ізі қысқа, жүргізуші тек соңғы сәтте бірақ тоқтамақ болған сияқты.

Полицейлер мән-жайды анықтауға кірісті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты