Ақтауда зәулім үйдің төбесінен құлап бара жатқан жігітті полицейлер ұстап қалды

сурет видеодан алынды
Полицейлер өз өмірімен қош айтыспақ болған жігітті 9 қабаттан құлап бара жатқан жерінен ұстап қалған.

Ақтауда қызына ерегесіп, зәулім үйдің шатырынан секірмек болған жігітті полицейлер құтқарып қалды деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментіндегілердің хабарлауынша, оқыс оқиға 2 шілдеде қаланың 11-ықшамаудандағы 9 қабатты тұрғын үйдің шатырында орын ала жаздаған. Оларға жігіттің қызы хабар берген. Полиция оқиға орнына жеткенде зәулім үйдің шатырына шығып алған жігітті көреді.

"Полиция қызметкерлері өз өмірін қатерге тігіп, ер адамды құлап бара жатқан жерінен ұстап қалды. Ол масаң күйде болған", - дейді Маңғыстау облыстық полиция департаментіндегілер.

Белгілі болғандай, жас жігіт қызымен ұрысып қалғандықтан осындай әрекетке барған.

Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 440-бабы 1-тармағына (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) сәйкес хаттама толтырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі