Ақтөбеде қоқаңдаймын деп баласы әкесін өлтіріп алды

Ашық дереккөздерден алынды
Баласы мен әкесі қатты ұрсысып, арты төбелеске ұласқан.

Ақтөбе облысы Алға ауданы Тікқайың ауылында мойнында қол іздері бар еркектің өлі денесі табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Zakon.kz.

- 27 шілдеде Тікқайың тұрғынының мүрдесі табылды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, ер адамның "механикалық асфиксия" салдарынан, яғни қылқындырып өлтірілгені нақтыланды. Учаскелік инспектор марқұмның баласын күдікті ретінде қамауға алды. Ол тергеу кезінде әкесі екеуі ұрсысып қалып, оны арқанмен қылқындырғанын мойындаған, - делінеді хабарламада.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабына, яғни "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Күдікті қамауға алынды.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді