"Гелиоста" бензинді былай ұрлайды екен

Олар бұл ақпаратты растап, оның Шымкен қаласындағы жанар-жағармай құю бекетінде болғанын айтты.

Бірер апта бұрын әлеуметтік желіде жанармай құю станциясы қызметкерінің алаяқтық әрекеті түсіп қалған видео тараған еді. Онда ол шләнгіні көлік багынан бұрын бір ыдысқа салып, бензинді ұрлап алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеоға қосымша жазбада бұл Гелиосқа тиесілі жанар-жағармай құю бекеті екендігі айтылған. Бірақ бұл оқиға қай қалада орын алғаны айтылмайды.

"Гелиос" компаниясындағылар осы оқиғаға қатысты түсінік берді.

Олар бұл ақпаратты растап, оның Шымкен қаласындағы жанар-жағармай құю бекетінде болғанын айтты.

- Оператор тұтынушы ақшасын төлеген бензинді бір ыдысқа құйып алып, оны тығып қойған. Ол жігіт бір ай бұрын сол араға жұмысқа алынған, яғни 2019 жылдың шілдесінен бастап. Ұрлық фактісі анықталғаннан кейін, видеодағы дәйекпен ол жұмыстан қуылды. Атап айтқанда, Еңбек кодексінің 52-бабы, 1-бөлімі, 12 тармағы, яғни "Жұмыс беруші тараптың сенімінен шығып қалу" бойынша. Қазіргі уақытта материалдарды тиісті органдарға жолдау үшін дәлелдер жинастырылуда. Істің барлық мән-жайы анықталғаннан кейін құзырлы органдар тиісті шаралар қолданады. Біз орын алған бұл ыңғайсыз жайт үшін қатты өкініп, осындай қателіктерге болашақта жол бермес үшін бірқатар шаралар қабылдаудамыз. Компания келтірілген материалдық шығынды өтеуді өз мойнына алады, - делінеді компания жауабында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: