Балаларға діни әдебиеттер тарататын мектеп жанындағы лагерь! Тура осындай жағдай Ақтөбеде кездейсоқ жария болды. Ата-аналардың бірі баласының сөмкесін ақтарып отырып, ішінен діни кітаптарды тауып алған. Одан соң ол кітаптарды видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген. Бұл видео желідегі қауымның төбе шашын тік тұрғызып, шу шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.
"Міне, мынандай кітаптар тегін таратқан. Балаларды демалуға тегін лагерьге шақырған", - дейді видео сыртындағы сөзінде ер адам.
Бұл видео полицияның назарына да ілікті.
Кейін белгілі болғандай, бұл кітаптарды 6-сынып оқушысы анасы жіберген лагерьден оралғанда ала келген.
Лаура Досқожа, № 71 мектептің директоры міндетін атқарушы:
- Көшеде біреу әйелге "Нұр" балалар лагеріне тегін шақыру қағазын ұстатқан.
"Тіпті, олар көлік те жіберіпті, анасы оған үш баласын отырғызып жіберген. Лагерьде айтылғандарды балалар түсінбегенін айтқан. Бірақ қызық болды деген: ойнадық, тамақ іштік, содан кейін үйге қайттық дейді. Қайтар кезде балаларға діни кітаптар тегін таратылған. Ал жергілікті білім бөліміндегілер бұл аумақта осындай атаумен лагерь болғанын да білмепті. Осы уақытқа дейін діни уағызшылардың балалардың миын не құйғанын, сонымен ешкім білмейді", - дейді телеарна тілшісі.
Әлімбек Тұралиев, облыстық дін істері басқармасының басшысы:
- Қазір біз бұл әдебиетті қандай діни бірлестіктер тарататындығын анықтап жатырмыз. Біздің білуімізше, бұл баптистер ұйымы. Ол бізде 2012 жылы ресми түрде тіркелген. Осы факті бойынша қазір біз тексеру жүргізіп жатырмыз.
Тексеруді басқа құзырлы органдар да жүргізуде. Теологтар да жұмыс істеп жатыр. Олар балаларға таратылған кітаптардағы үндеулер мен мақалдарды оқып, оған баға береді. Бұл зиянсыз мейірімділік әрекеті ме, әлде балаларды діни ұйымға тартуға тырысуы ма, мұның бәрі мамандар сараптамасының қорытындысы жарияланғанда белгілі болады.