Қостанайда екі қыз бір әйелді өлтіріп, сотталып жатыр

defense.gov
Қыздың бірі - 14 жаста, тағы бірі - 17-де.

Кісі өліміне әкеліп соқтырған ауыр дене жарақатын салу бойынша іс облыстың кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz alau.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл 8 тамызда Строительная көшесіндегі № 2 үйдің жанында бірнеше адам 51 жастағы әйелді соққыға жыққан. Зардап шегуші ауруханаға түскен. Бұл оқиғаға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әйел алған ауыр жарақаттан келесі күні қайтыс болғандықтан іс басқа деңгейге өтті.

Күдіктілердің анықталып, ұсталғандығын Қостанай облысының полиция департаментіндегілер растады. Олар 17 және 14 жасар екі жасөспірім қыз болып шықты.

Қылмыстық іс облыстың кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотына жіберілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды