Англияда 39 адам мүрдесін тиеген жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды

russian.rt.com
Мәйіттердің ішінде 38 ересек адам мен бір жасөспірім бар.

Ұлыбританияның Эссекс графтығында жүк көлігінің тіркемесін тексерген полиция 39 адамның мәйітінің үстінен түсті. Бұл туралы The Daily Telegraph басылымына сілтеме жасап korrespondent.net хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, Солтүстік Ирландиядан келе жатқан жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі ұсталды. Ал жүк көлігінің өзі Болгарияда тіркеліп, ол арадан 19 қазанда шыққан деген болжам бар.

"Біз жүк көлігінің жүргізушісін қамауға алдық. Ол біз тергеу жүргізіп жатқандықтан, полиция қамауында болады", - деді бас сот маманы Эндрю Маринер.

Мәйіттердің ішінде 38 ересек адам мен бір жасөспірім бар. Басқа мәліметтер тергеудің мүддесі тұрғысында БАҚ беттерінде жариялануға тыйым салынған.

Айта кетсек, 2015 жылы Австрияда 71 адамның мәйіті бар фургон ұсталған. Кейін белгілі болғандай, олардың барлығы мигрант болған және фургонда тұншығып көз жұмған. Көп ұзамай Венгрияда заңсыз адам саудасымен шұғылданатын болгар-венгр қылмыстық тобының үш иммигранты ұсталған. Оның бірі Ауғанстан азаматы болып шыққан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды