ТЖМ тікұшағы Қарағандыдағы ауруханаға науқасты шұғыл жеткізді

Тікұшақ, ТЖМ, Қарағанды, аурухана, науқас , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2026 14:50 Сурет: pixabay
ҚР ТЖМ-ның экипажы тікұшақ арқылы санитарлық авиация шеңберінде Қарағанды-Қарқаралы-Қарағанды бағыты бойынша рейс орындады. Бортта 1971 жылғы науқас болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, тасымалдаудың барлық кезеңінде науқастың жағдайы медициналық мамандар тарапынан үздіксіз бақылауда болды.

"Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді әрі жедел әрекетінің нәтижесінде ер адам қажетті медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді", делінген хабарламада.

"Қазавиақұтқару" тікұшақтары санитарлық авиация бағытында өз міндетін үздіксіз атқарып, шұғыл медициналық көмекті уақтылы көрсетуді жалғастыруда.

Бұған дейін Жамбыл облысында айдалада сусыз, аяқ-киімсіз қалып кеткен ер адамның аман-есен табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: