«Ауруханадан бір-ақ шықты». Кашпировский Оралға келіп, елді шулатты

uaportal.com
66 жастағы ер адам "Зенит" Мәдениет үйінде өткен Кашпировскийдің тегін сеансы алдында жарақат алып, ауруханаға түсті.

Оралда ресейлік экстрасенс Анатолий Кашпировский тегін сеанс жүргізіп, есікке лап қойған қарақұрым халық ішінде екі адам зардап шекті. Бұл туралы аймақтық "Надежда" басылымы жазады, деп хабарлайды Zakon.kz.

66 жастағы ер адам "Зенит" Мәдениет үйінде өткен Кашпировскийдің тегін сеансы алдында жарақат алды. Көп адам есікке лап қойған кезде қарт ер адам жығылып, есінен танып қалған. Оны сол арадағы адамдар мәдениет үйінің алдындағы орындыққа отырғызып, есін жидырған.

- Жедел жәрдем станциясына 14 қарашада сағат 13.57 шамасында қоңырау келіп түсті. Зардап шегуші қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Ол сеанс кезегінде құлап, адамдар оны таптап кеткен. Кеуде қуысының, бастың жұмсақ тіндеріне жарақат келіп, көгеріп қалған. Дәрігер ол кісіні тексеріп, қараған соң амбулаториялық ем алу үшін үйіне босатты, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Осыдан бір күн бұрын Орал қаласының тағы бір тұрғыны осындай жағдайға тап болған. Бірақ қарт әйел жедел жәрдем көлігін шақыртудан бас тартты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді