Алматыда мектеп оқушысына пышақ кезеп қорқытқан күдікті аула сыпырушы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Баланың заңды өкілдерінің қатысуымен өткен бетпе-бет кездесуде қыз бала 50 жастағы ер адамды таныды. Ол Орбита шағын ауданында ауал сыпырушы болып жұмыс жасайды, сол ауданда жертөледе тұрады. Сол күні ол таңертең мас күйінде дүкенге бара жатқанда қыз баланы көрген. Алайда күдікті қызды пышақпен қорқытқысы келмегенін айтты. Ол қалтасынан телефон шығармақ болған едім деп ақталды. Тараптардың жауаптары міндетті түрде процессуалды тәртіпте тексерілетін болады", – деді Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.
Еске салсақ, Алматыда мектеп оқушысын белгісіз адам пышақпен қорқытқаны туралы және ол адамның іздестірілуде екенін хабарлаған едік.