Қостанай облысында жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты

"ҚазАвтоЖол" ҰК"
23 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы қоғалыс жолағына шығып, Хонда және Газель автокөліктеріне соғылды.

Жол көлік оқиғасы бүгін, 25.11.2019 жылы шамамен таңертеңгі 11:00-де Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

- "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тас жолының 79 шақырымында Датсун автокөлігінің тізгінін ұстаған 23 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы қоғалыс жолағына шығып, Хонда және Газель автокөліктеріне соғылды. Датсун автокөлігінің 1999 жылғы және 1973 жылғы жолаушылары оқиға орнында көз жұмды. 1996 жылғы жүргізуші мен 1972 жылғы ер азамат, 2001 жылғы бойжеткен Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізілді. Жарақат алғандардың жағдайы туралы ақпаратты дәрігерлерден білуге болады, - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің басшысы, Маржан Ордабай.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты