Сәтбаев қаласында пәтерден 3 жасар қыз баланың мәйіті табылды

magiya.guru
Баланың мәйіті табылған үйдің 34-жастағы иесі қамауға алынды.

27-ші қараша күні сағат 15:00 шамасында Сәтбаев қалалық Полиция бөлімінің кезекші бөліміне 43-жастағы қала тұрғыны хабарласып, өзінің пәтерінде пышақ дене жарақаттары бар үш жасар қыз баланың мәйіті жатқанын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орынына шыққан жедел-тергеу тобымен аталған хабарлама расталған.

Алдын ала болжам бойынша сол күні қыз баланы танысының үйіне 40 жастағы жәбірленушінің анасы тастап кеткен. Мәйітті тапқан кезде пәтерде 34 жастағы үй иесімен ішімдік ішкен күйдегі оның азаматтық некедегі 43 жастағы жұбайы болған.

Тергеу барысында баланың мәйіті табылған үйдің 34-жастағы иесі қамауға алынды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99 бабы 2 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, осы істің негізінде оқиғаның толық мән жайы анықталатын болады. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты