Атышулы видеодағы мінезді келіншек ақыры жүргізуші куәлігінен айырылып тынды

видеодан алынды
Ол бір жарым жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды.

Алматы қаласының ауданаралық әкімшілік сотында желідегі атышулы видео "кейіпкері" атанған әйелдің ісіне қатысты шешім қабылданды, деп хабарлайды zakon.kz.

Іс материалынан анықталғандай, 21 қазанда сағат 7.35 шамасында Nissan маркалы автокөлік жүргізушісі С. Сайын көшесі бойымен келе жатқан. Торайғыров көшесіне жетпей ол жылдамдық режимін сақтамай, Кia маркалы көлігінің бір бүйірінен соғады. Жол апаты салдарынан көліктер зақымданған.

Жол апатынан кейін сотқа тартылушы оқиға орнынан кетіп қалған. Оны полиция тапты.

Сотқа да айыпталушы келмеді.

Екінші шетелдік көліктің иесі сотқа болған оқиғаны баяндап, салдарынан өзіне 120 мың теңгеден астам шығын келгенін айтты. Оған бұл шығын өтелмеген. Сонымен бірге, осы оқиғадан кейін С. жанжал шығарып, өрт сөндіргішпен оның көлігінің беткі терезесін сындырған. Осы факті бойынша оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Сот қаулысымен С. ҚР Әкімшілік-процессуальды кодекстің 610-бабы, 1-бөлігі және 611-баптың 2 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жарым жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі