Батыс Қазақстанда полицей адам қағып, қашып кетті

mgorod.kz
Сәкен Қожанов оқиға орнынан кетіп қалған. Бірақ кейін бәрібір ұсталды.

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері көлігімен адам қағып, оқиға орнынан ізін суытқан. Жол апаты 2 желтоқсанда сағат шамамен 6.00-де Тасқала ауылында болған, деп хабарлайды zakon.kz "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Адам қағып, қашып кеткен – жол-техникалық инспекция тобының аға мемлекеттік инспекторы Сәкен Қожанов екені анықталды.

– 56 жастағы жаяу жүргінші жолдан рұқсат етілмеген жерде өтпек болған. Апат салдарынан ол ауыр жарақат алып, қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Бізге жеткен ақпаратқа сай, қазір ол комада жатыр. Полиция қызметкері Сәкен Қожановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деді БҚО Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Александр Плешаков.

Сәкен Қожанов оқиға орнынан кетіп қалған. Бірақ кейін бәрібір ұсталды.

– Полиция қызметкері қорыққанынан қашып кеткенін айтты. Ол өзінің жеке меншігіндегі Chevrolet Niva автокөлігімен келе жатқан. Медициналық куәландыру қорытындыларына сай, ол сау күйде болған, – деп қосты Александр Плешаков.

Бұл соңғы айдың ішінде полиция қызметкерлерінің қатысуымен болған осымен үшінші жол апаты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді