Құдықта тұратын Айнұрдың анасы Ақтаудан табылды

Күйеуі оны көшеге қуып жіберген, сол кезде ол қиын жағдайға тап болды.

Ақтау қаласының тұрғыны Павлодар облысы Ақсу қаласында екі ай бойында көшеде күнелтіп жүрген қызын алып кету үшін аттанды. Бұл жергілікті тұрғын мен волонтерлердің арқасында мүмкін болды. Бұл туралы "Лада" басылымы жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жергілікті басылымға Павлодар облысының Ақсу қаласының тұрғындары қоңырау шалып, бұрын Ақтауда тұрған Айнұрдың туыстарын табуға көмектесуді сұрады.

Ақыры YouTube-тегі "Культурный 14 РЕГИОН" арнасында "Жылу құбыры құдығында тұратын үйсіз-күйсіз әйел" деген видео пайда болды.

Видео авторы Мырзабек Айнұр деген әйелдің Ақтаудың тумасы екенін айтады. Бірнеше жыл бұрын ол Ақсу қаласына қоныс аударып, осында тұрмысқа шыққан. Бірақ күйеуі бір күні оны көшеге қуып жіберген, сол кезде ол қиын жағдайға тап болды. Осы уақыт аралағында ол көптеген қиын сәтті бастан өткерді. Осылайша үйсіз қалған Айнұр жылу магистралінің құдығын паналауға мәжбүр.

Мырзабек Айнұрды видеоға түсіргенде одан отбасы немесе туған-туысы қызды танып, артынан іздеп келер деп үміттенген.

Ақыры Ақсуға Айнұрдың шешесі іздеп келді. Осылайша волонетерлер мен жергілікті тұрғын Мырзабек үйсіз әйелге туыстарын табуға көмектесті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: