Дүкен және базар сөрелерінен қандаланың улы дәрісі жаппай тәркіленіп жатыр

klopu.ru
Қала тұрғындарына, тұрмыстық химия заттарының барлығы да екінші, үшінші дәрежедегі қауіпті заттарға жататынын ескерткім келеді.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті дүкендер мен тұрмыстық химия сататын сөрелерді тексеріп, адам денсаулығына зиянды "Палач" улы затын тәркілеуге кірісті, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"67 жастағы Светлана Баленко 18 күн бойы жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан. Оны дәрігерлер жасанды демалу аппаратына таңып, қолдан келген медициналық көмектің бәрін жасапты. Алайда тыныс алу жүйесіне зақым келген науқастың беті бері қарамады. Ал оның 32 жастағы ұлы осыдан бір апта бұрын көз жұмған еді. Екеуі де «Палач» деп аталатын тарақанға қарсы дәріден уланған. Аталмыш оқидан кейін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті дүкендер мен тұрмыстық химия сататын сөрелерді тексеріп, адам денсаулығына зиянды "Палач" улы затын тәркілеуге кірісіпті", - дейді телеарна тілшісі.

Әсел Бейсенбаева, Алматы қалалық қоғамдық басқармасы басшысының орынбасары:

- Қала тұрғындарына, тұрмыстық химия заттарының барлығы да екінші, үшінші дәрежедегі қауіпті заттарға жататынын ескерткім келеді. Сондықтан кез келген зиянкестерге қарсы дәрі алғанда қолдану ережесімен танысып шығыңыз.

Сондай-ақ тауарды сатып алмас бұрын оның денсаулыққа қауіпсіз әрі мемлекеттік тіркеуден өткенініне көз жеткізген абзал.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды