Алматыда жоғалған баланың анасы: "Онда барлық балаларды қорлап, мазақ қылады"

Бақылау камералары оның интернат маңында арлы-берлі жүргенін түсірген.

Жоғалған алматылық оқушыны іздеу жалғасуда. Бір апта бұрын көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттан шыққан жасөспірім жоғалып кетті. 15 жастағы Дамир анасынан кешірім сұрап, мектептегі қиындықтары туралы хат жазып үйіне қалдырып кетіпті. Баланың анасы мектепте үлкендер кішілерге ойына келгенін істейтінін, ал олар бұған үнсіз көнетінін, бұл қалыпты жағдайға айналғанын, мұнда «дедовщина» тәртібі барын айтып дабыл қағады. Алайда, интернат басшылығы бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Евразия Бірінші арнасына сілтеме жасап, zakon.kz.

Дамир мұнда көзі нашар көретіндіктен екі қарапайым мектепте оқи алмағандықтан келген. Бірақ, анасы мұнда баласы сабақ үйренгеннен гөрі қалай таяқ жемеймін деп амалдап әр күнін атырса керек.

"Бұл жерде менің баламды ғана емес, олар барлық балаларды мазақ етеді. Мұндайды балам бұрын көрмеген. Ешкім оны ешқашан мазақ қылған, қорлаған емес. Ол маған: "Мама, сен түсінбейсің, бұл тізбек. Бұл – дедовщина. Оларды үлкендері ұрған, енді олар бізді ұрады деген", - дейді Дамирдің анасы Айгүл Оралбаева.

Балаға қатысты зорлық-зомбылық қанша уақытқа созылғанын айту қиын. Бұл туралы Дамирдің туыстары жоғалар алдында ғана біліпті. Кеудесінен аяқ-киімнің ізін байқаған. Үлкен апайы бұл іске полицияны тартпақ болғанмен, ол бірден мүмкін болмаған. 12 желтоқсанда Дамир таңғы астан бас тартып, сыныпты қалуды жөн көреді. Таңертең 7.30 шамасында ол жоғалып кетті. Бақылау камералары оның интернат маңында арлы-берлі жүргенін түсірген. Мектеп басшылығы Дамирді біреудің ренжітуі мүмкін екенін жоққа шығарады.

- Біз үшін баланың денсаулығы, психофизикалық жағдайы маңызды. Сондықтан, біз білім берсек те, баланың жан дүниесін бірінші орынға қоямыз. Себебі, біз үшін қайталап айтамын, баланың денсаулығы маңызды, - деді Көзі соқыр және көзі нашар көретін балаларға арналған №4 мектеп-интернат директорының орынбасары Бақытгүл Жұмаділова.

Дамирды сыныптасы жақсы және көңілді

- Ол былай байсалды енді. Біздің жатын бөлмедегі барлық баламен дос, жақсы араласады. Оны ешкім ренжітпеген сияқты болатын, - дейді мектеп оқушысы Бейбарс Абраман.

Бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Дамирдің анасы енді қала тұрғындарынан көмек сұрайды.

- Егер қай жерде екенін білсем, жалаң аяқ болсын, сол миллиондаған шақырымға жаяу барар едім. Тек табылды деген сүйінші хабар жеткізіңіздерші, - дейді сары уайымға салынған Дамирдың анасы.

Волонтерлердің айтуынша, Дамирді тек 100-ге жуық адам іздеп жатыр, жыл басынан бері Алматыда 50-ге жуық бала мен жасөспірімдер іздестірілген екен осылай.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: