Жоғалып, бір аптадан кейін табылған баланың анасы мен бала омбудсмені Алматыдағы нашар көретіндерге арналған мектеп-интернаттың басшылығын жұмыстан кетіруге барын салмақ, деп хабарлайды zakon.kz Евразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.
15 жасар Дамирді бір аптадан астам уақыт бойына волонтерлер іздеп, қаланың түкпір-түкпір тінтіді. 40-50 адамнан екіге бөлінген волонтерлер жан ұшыра жасөспірімді іздеді. Балалар омбудсмені Аружан Саин бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жоғалған баладан үйге қайтуын сұрап, ақпарат таратты.
Олар баланы туысының үйінен тапты, енді оған бұдан былай жасырын өмір сүрмейтініне кепілдік берілді.
- Осының бәрін мен ойлап тапты деп айтып жатыр. Содан кейін де кеттім ғой, маған ешкім сенбейді. Мектептен қашып кеттім. Басында өз-өзіме қол салмақ болдым, бірақ асылатын орын таба алмадым. Барлық жер жабық, - дейді Н.Островский атындағы №4 соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушысы Дамир Серікұлы.
Дамир Серікұлының айтуынша, ол интернатта таяқ жеп жүрген жалғыз бала емес. Басқа зорлық-зомбылық құрбандарының аузын жауып, дымын шығартпайды. Оларға интернат қабырғасында болып жатқанын ешкімге айтқызбайды. Сондықтан балалар омбудсмені көмегіне жүгінген оқушы білім ордасының әкімшілігін ауыстыруын сұрайды.
- Бұл - Алматыдағы көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған жалғыз мектеп. Ал оның көзі нашар көреді. Көбісі айтып жатыр, сонда шешесі қайда қарап отырған, ол арадан баласын неге алып кетпеген деп? Ал үйге алып кеттім дейін, бірақ үйде кім оны оқытады? Мәселе осында, - деп түсіндіреді Дамирдің анасы Айгүл Оралбаева.
Балалар омбудсмені ана мен баланың өтінішін қабыл алды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
- Әрине, шешесінің есі дұрыс емес, ал баласы өтірік айтады деу бар бәле-жаладан оңай құтылудың жолы мектеп үшін. Ондай жиі болып тұрады. Негізінде, полицияда психологиялық және психиатриялық сараптама жүргізудің барлық әдістері бар. Біз бұл жағдайды қадағалап, сүйемелдейміз. Бұл жайтты бүге-шегесіне дейін тексеріп, мән-жай толықтай анықталады деп сенемін, - деді ҚР балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин.
Ал интернаттың басшылығы алдында жасөспірімді ешкім ренжітпегенін, оның айыптауы еш шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген. Сонымен бірге, қазақстандық балаларда осындай дағдарыстық жағдайлар жиі туындайды. Еліміздің дағдарыс орталықтары одағының мәліметінше, биылғы қазан-қараша айларының өзінде 50-ге жуық балалар мен жасөспірімдер өз-өзіне қол жұмсау мәселелері бойынша көмек сұраған. Олардың көпшілігі - мектептегі кикілжіңмен байланысты.