Астана тұрғындарына қала көгінде әскери ұшақтар пайда болатыны ескертілді

ҚР Қорғаныс министрлігі астаналықтарға үндеу жасады. Елорда тұрғындарына қала көгінде әскери ұшақтар пайда болатыны ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство 23 және 24 қарашада Астананың үстінен ҚР Қарулы күштерінің әскери атқыш ұшақтары ұшып өтетінін, олар көкте түрлі-түсті бояу қалдыратынын нақтылайды.
"Жауынгерлердің ұшуы қауіпсіз биіктікте өтеді және қала өмірінің әдеттегі тіршілік салтын бұзбайды. Пайдаланылған түрлі-түсті түтіннің экологияға зияны жоқ", делінген хабарламада.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілетіні де атап көрсетілген.
Бұған дейін Астанада 6 мыңнан астам адам салымшысы бар тұрғын үй кешендерін заңсыз салу дерегі анықталғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу