Іле Алатауының басына шығып алған жасөспірім одан түсе алмай қиналған

Тау, Алматы облысы, Іле Алатауы, жасөспірім, құтқару, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2024 09:45 Сурет: pixabay
Алматы облысында Іле Алатауы тауларында ТЖМ қызметкерлері арып-ашып, тоңған жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 қарашада күндіз 112 пультіне 2008 жылы туылған жас жігіт көмекке жүгініп, өзінің теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте орналасқан Букреев шыңына шығып, одан өз бетінше түсе алмай тұрғанын айтқан. Таулы жерде ол жалғыз болған. Байланыс кезінде оның телефоны үнемі қосулы болып, бұл құтқарушыларға көп септігін тигізген.

"Құтқарушылар баланың көтерілу бағытын анықтап, аумақты тексеруге кірісті. Жасөспірімді тауып алған ТЖМ қызметкерлері оны таудан түсіріп, Алматыға жеткізді. Оны туыстары күтіп тұрған еді. Оған барлық қажетті көмек көрсетілді", делінген хабарламада.

Ал жерге түскен ол өзінің қарны ашқанын, тонғанын айтқан.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: