Іле Алатауында Фурманов шыңына шығып алған туристер эвакуацияланды

Құтқару, Іле Алатауы, Фурманов шыңы, туристер, эвакуациялау, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2025 17:46 Сурет: видеодан алынды
ТЖМ құтқарушылары Іле Алатауы басына шығып алып, өз еркімен түсе алмаған туристерді эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылы 18 мамырда ҚР ТЖМ РЖҚЖ қызметкерлері Фурманов шыңына (3053 м) жақын тұстағы Энтузиасттар даласы ауданында таудан өз бетінше түсе алмаған туристер тобына көмек көрсетті.

"Олар тұман мен жаңбырдың салдарынан адасып қалған. Құтқарушылардың жедел тобы дереу "Медеу" бекетінен шығып, Қимасар шатқалы арқылы зардап шеккендерге жаяу жетті. Құтқарушылар түсуді сәтті ұйымдастырып, туристерді қызметтік көлікке жеткізді. Эвакуацияланған туристер медициналық көмекке мұқтаж болмады". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Абай облысында қоқыс полигоны өртеніп жатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: