Семейде қоқыс полигоны өртеніп жатыр

Қоқыс полигоны, Абай облысы, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2025 16:15 Сурет: видеодан алынды
Семей қаласынан 12 шақырым жерде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында қоқыс өртеніп, қатты желдің салдарынан от құрғақ шөпке тиген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәл қазіргі уақытта Абай облысында ТЖМ қызметкерлері қоқыс полигонындағы өртті сөндіруде.

"Өрт сөндірушілер, алдымен құрғақ шөп өртін сөндіріп, қазіргі уақытта алдын ала 2 гектар қоқыс полигоны аумағындағы қызыл жалынмен күресуде. Оқиға орнында жерді қалпына келтіру, топырақпен толтыру және өртті сөндіру жұмыстары қатар жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Ақтауда полицейлер өрт шыққан пәтерде қалып кеткен әйелді құтқарғанын жазғанбыз.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: