Ақтауда полицейлер өрт шыққан пәтерден әйелді құтқарып қалды

Ақтауда полицейлер өрт шыққан пәтерден әйелді құтқарып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2025 18:00 Сурет: Zakon.kz
17 мамыр сағат 00:40 шамасында жедел басқару орталығына Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлер көмек сұраған айқайдың естілгенін де айтқан. 

Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция капитаны М.Оразбай мен лейтенант С.Бекниязов пәтердің есігі ішінен құлыпталғанын анықтады. Жағдайды жедел бағамдаған олар есік маңынан кілтті тауып, ішке кіріп, әлсіз күйде жатқан әйел адамды көрді. Содан бірден жедел жәрдем шақырды.

Медицина қызметкерлері келгенге дейін полицейлер алғашқы көмек көрсетіп, әйелді қауіпсіз жерге шығарды. Зардап шеккен әйел облыстық ауруханаға жеткізілді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: