Ақтөбелік полицейлер асылып өлмек болған ер адамды құтқарып қалды

Полиция қызметкерлері адамды құтқарып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2022 12:08 Сурет: ҚР ІІМ
31 тамызда Ақтөбе облысы ПД Жедел басқару орталығына ер адамның жер үйдің шатырында суицид жасамақ болғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына жедел түрде патрульдік полиция инспекторлары Самат Самалықов пен Абылай Асылбеков жетті. Екеуі бірге тез арада әрекетке көшіп, үйдің шатырына көтеріліп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды.

Қуанышқа орай, қайғылы жағдай орын алмады. Полицейлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдемді шақырған, деп жазады polisia.kz.

Ер адам анасымен жанжалдасып қалған соң осындай қадамға барғанын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: