Павлодарда Ұлттық ұланның қызметтік иті 3 келі есірткі затын тапты
Сурет: pixabay
20 сәуір күні сағат 21.30 шамасында Павлодар облысы Полиция департамZakon.kz.ентінің Жедел басқару орталығына белгісіз азаматта есірткі заты сақтаулы деген хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына полиция қызметкерлерімен қатар Ұлттық ұлан 5512 әскери бөлімінің кинологиялық қызметінің маманы Талғат Қабдрахманов қызметтік иті Бравомен келді.
Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ит моншадағы сөренің қасына келіп, белгі бере бастады.
Мұқият тексеру кезінде “мөрленген” дейтін жазуы бар сегіз дана түйірлер табылды. Ішінде жасыл түсті өсімдік тектес үш келі есірткі заты бары анықталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript