Иісшіл ит павлодарлықтың моншасынан үш келі есірткі затын тапты
Сурет: ҚР Ұлттық ұланның «Шығыс» Өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Оқиға орнына поиция қызметкерлерімен қатар, Ұлттық ұлан 5512 әскери бөлімінің кинологиялық қызметінің маманы сержант Талғат Қабдрахманов қызметтік иті «Бравомен» келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар Оңтүстік полиция бөлімінде қызмет атқару кезінде шақырылған болатын. Кинолог иісшіл итін алға шығарды. «Браво» бірден моншадағы шкафтың қасына келіп, белгі бере бастады. Мұқият тексеру кезінде «мөрленген» дейтін жазуы бар сегіз дана кіші қаптар табылды. Ішінде жасыл түсті өсімдік тектес үш келі зат бары анықталды. ҚР Ұлттық ұланның «Шығыс» Өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-тармағы (Есірткі заттарын заңсыз иемдену, сақтау) бойынша СДТБТ-ге тіркелді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript