Елорда полицейлері аялдама әйнегін сындырған ер адамды тауып алды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2022 12:57 Сурет: видеодан алынды
Ер адамның өрескел әрекеті Нұр-Сұлтан полиция департаментінің жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полицейлер бұзақыны тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға Бөгенбай батыр даңғылында түнгі сағат 00:39-да орын алды.

Видеодан көрініп тұрғандай, белгісіз ер адам аялдамаға жақындап келіп, қолындағы затты лақтырып, әйнекті сындырғанын көруге болады.

Полиция 32 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ер адамның айтуынша, ол мас болған.

Ол жердегі тас төсеменің бір түйіршігін алып, аялдамаға қарай лақтырып, қашып кеткенін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: