Ақсу ферроқорытпа зауытында өрт болды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2023 20:10 Сурет: видеодан алынды
Алдын ала хабарламаға сәйкес, бүгін сағат 16-00 шамасында зауыттағы цехтың бірінен өрт шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.
"21 маусымда сағат 16-00 шамасында Ақсу ферроқорытпа зауытында № 4 балқыту цехындағы №41 пештің жанындағы трансформатор ашық отқа оранған. Өрт кәсіпорынның авариялық-құтқару қызметінің күштерімен және Ақсу қаласының өрт сөндіру бөлімімен оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Павлодар облысы ТЖД басшылығымен штаб құрылды", делінген зауыттың Instagram-дағы парақшасында. 

Тексеру басталды. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. 


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: