Алматыда үш балалы әйелді екі еркек аяусыз соққыға жығып, зорламақ болған

24tv.ua
Арпалыс кезінде әйел туысына қоңырау шалып үлгерген, ол полиция шақырған.

Алматыда үш балалы әйелді аяусыз соққыға жығып, зорламақ та болған. Адам төзгісіз бұл оқиғаның мән-жайын "Не молчи KZ" қоғамдық қоры facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған жазбадағы дерекке сүйенсек, үш баласы бар әйел үй жөндеумен, ағартып, бояу, әрлеу жұмыстарымен айналысқан. 29 желтоқсанның кешінде оған жұмыстан қоңырау шалып, жалақысын алып кетуін сұраған.

- Ол ақшасын аламын деп өзі жұмыс істеген нысан басына барған. Мас жұмысшының бірі оған тиіспек болып, денесіне қолын жүгірткен. Ер адамның ағасы бұл жағдайға куә болып, әйелге көмектескеннің орнына есікті іштен бекітіп жапқан. Әйел көмекке шақырып, жан дауысымен шырқырап айғайлай бастайды, сол кезде әлгі екеу оны аяусыз соққыға жыққан. Арпалыс кезінде әйел туысына қоңырау шалып үлгерген, ол полиция шақырған. Полиция 16 минутта оқиға орнына шұғыл жеткен, бірақ әйел адам төзгісіз күйде болған, тіпті оны шешіндіріп те үлгерген. Полиция бөлімшесіне келгенде әйел естен танып, оны жедел жәрдем көлігі алып кеткен. Ол аурухана да есін жинай алмай, талықси берген. Тек бес күн өткен соң ғана медициналық сараптамаға келген. Түрксіб ауданының тергеушілері, бұрынғы әдетіне басқан. Олар зардап шегуші мен жәбірленушіні татуластыруға тырысқан, күдікті ағайынды жігіттер тағы да бостандықта жүр, салдарынан зорлық-зомбылық құрбаны қудалау мен қорқытуға ұшырауда! - деп жазды автор.

Ол бұл оқиға туралы Алматы полиция басқармасына хабарланғанын және іс жеке бақылауға алынғанын айтады. Бірақ та ол әлі күнге дейін әйелдің өмірі үшін қорқатынын жеткізіпті.

Сондай-ақ, жазба авторы желіде қылмыс жасалғаннан кейінгі бес күннен соңғы зардап шегушінің адам төзгісіз суреттерін жариялады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы