Трамп украиналық ұшақтың "техникалық ақаудан құлады" деген болжамына сенбейтінін айтты

kremlin.ru
Соңғы мәліметке қарағанда, Иран тарапы Американың көлік жөніндегі ұлттық кеңесін апатты тергеуге қатысуға шақырған.

Украиналық Boeing-737 ұшағына қатысты АҚШ президенті Дональд Трамп та мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ақ үй басшысы "ұшақ техникалық ақаудан құлады" деген болжамға күдікпен қарайтынын және "оны Иран күштері қателесіп атып түсіруі мүмкін", деп отыр.

"Оқиғаның анық-қанығына көз жеткізу үшін Тегеран ұшақтың қара жәшіктерін Boeing бірлестігіне немесе Францияға беруі тиіс", - дейді.

Ал соңғы мәліметке қарағанда, Иран тарапы Американың көлік жөніндегі ұлттық кеңесін апатты тергеуге қатысуға шақырған.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Менің өз болжамым бар. Бұл орны толмас үлкен қайғы. Ұшақ қауіпті аймақта кетіп бара жатқан. Кейбіреулер апатқа техникалық ақау себеп дейді. Бірақ мен бұл пікірмен келіспеймін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр