Сот төрелігі академиясының магистранттары туралы видеоны арнайы комиссия тексереді

littleone.com
Сондай-ақ оқу жұмысы мен шетелде студенттердің тағылымнан өту процесін ұйымдастыруға жауапты бірқатар шенеуніктер қазіргі уақытта Академияда жұмыс істемейтіндігі де атап өтілген.

YouTube-тегі "БӘCE" арнасында көрсетілген 2019 жылдың қараша айында шетелде тағылымнан өтіп жатқан Әділет Академиясы магистранттарының іс-әрекеті туралы видеодағы фактілерді тексеру үшін арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Әділет академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясы 2020 жылдың 13 қаңтарында YouTube желісінің "БӘСЕ" каналында жарияланған бейне материалды зерттеу мен тексеру бойынша комиссияның құрылғандығын хабарлайды. Комиссия тексеріс нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылдап, жұртшылықты хабардар етеді." делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқу жұмысы мен шетелде студенттердің тағылымнан өту процесін ұйымдастыруға жауапты бірқатар шенеуніктер қазіргі уақытта Академияда жұмыс істемейтіндігі де атап өтілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады