Алматы облысында атыс болды

Pixabay
Төбелеске қатысқандардың жеке тұлғалары анықталды.

Қазақстан мен Қытайдың шекаралас ауданы Панфиловқа қарасты Көктал ауылында 16 қаңтарда екі топ адам төбелесіп, атысты, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төбелескендер суық әрі атыс қаруын қолданды, салдарынан төрт адам ауруханаға түсті. Сондай-ақ, оқиға орны маңынан 27 жастағы жергілікті тұрғынның өлі денесі табылды.

Оқиғаға он шақты адам қатысқаны белгілі болды, олардың жеке тұлғаларын полиция анықтап үлгерді, қазір олардың үшеуі қамауға алынған.

"Төрт адам ауруханаға түскені белгілі. Жедел-іздестіру шаралары барысында аудандық сот қамауға алуға санкция берген тағы үшеу ұсталды. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-шы бабы, яғни "Адам өлтіру", 293-бабы, яғни "Қаруды қолдану арқылы бұзақылық жасау", сондай-ақ 99 бапқа әкеліп соққан 24-бабы, "Кісі өлтіруге оқталу" бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті соттық-сараптама тағайындалды. Бұл істі тергеуді облыстық тергеу басқармасы айналысатынын және ол облыстық полиция департаменті басшысының жеке бақылауына алынғанын атап өтеміз", - деді Алматы облысы бойынша ПД баспасөз қызметі.

Оқиғаға байланысты екі пышақ пен үш аңшы мылтығы тәркіленді. Олар іс материалдарына заттай айғақтар ретінде тіркелді. Төбелестің шығу себебі анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі