"Кранның басы айналып тұр". Нұр-Сұлтанда ұйытқыған түтек боран

wiki-org.ru
Видеоға комментарий қалдырғандар мұның қалыпты жағдай екенін жазған.

Желіде кранның биік жүк көтергіш "мойыны" өз осінен айналып тұрған видеосы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Видео автордың айтуынша, бұл Нұр-Сұлтанда болған.

- Осыны дұрыс дейсіздер ме? Кранның жүк көтергіш мұнарасы өз осінен айналып тұр, онда да уақыт өткен сайын қарқын алып келеді. Жақын маңда автобус аялдамасы бар. Жағалау 4, Котляров құрылысшыларының краны болуы керек бұл. Жалпы, біз қауіп-қатермен өмір сүріп жатырмыз, тұрғын үйлер де қақырап тұр, бәрі тарсылдап ұшып жатыр, мына бір кран да бар тағы бір жағынан, мұның бос тұрғанына қаншама бұл жерде. Ескерту жасап тұрған секілді бізге: "Мұнда бәрі сапасыз" деп. Шұңқырлар, міне, плиткасы ұшып жатыр, тротуарлар жоқ, жарық жоқ! - деп жазады автор Гүлнар Смағұлова.

Желіде оған жауап жазғандар кранның өз осінен айналуы қалыпты жағдай екенін айтқан.

"Сабырға келіңіз, егер қатты желде ол айналмаса, мүлдем гүрс етіп құлайды", - деді Саттар Махмутов.

"Әрине, бұл қалыпты жағдай, егер тежегішке қоймаса, ол сынып тынады", - деп жазды тағы басқа біреу.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді