Моңғолияның жоғары оқу орындарының барлығында сабақ 2 наурызға дейін тоқтатылды

Ашық дерекөздерден алынды
Одан бөлек компьютерлік клубтарға, экскурсияларға, ойын алаңдарына және жүргізуші курстарына тыйым салынды.

Моңғол билігі коронавирустың жаңа түрінің ушығуына байланысты Қытаймен арадағы шекараны жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл шешім бір күн бұрын шұғыл жиналыста қабылданған. Моңғолия мен Қытай шекарасы 27 қаңтардан бастап белгісіз мерзімге дейін жабылады.

Сондай-ақ, коронавирусқа байланысты Моңғолияның жоғары оқу орындарындағы барлық сабақтар 2 наурызға дейін тоқтатылды. Одан бөлек компьютерлік клубтарға, экскурсияларға, ойын алаңдарына және жүргізуші курстарына тыйым салынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты