Қытай СІМ коронавирустан көз жұмғандарға қатысты мәлімдеме жасады

pravda-tv.ru
Қытай бұл індетті жеңетініне сенімді.

Қытай СІМ коронавирустың жаңа түріне байланысты өлім-жітімнің проценттік көрсеткіші өте төмен екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz РБК-ға сілтеме жасап.

Қытай СІМ мәліметі бойынша, инфекцияны жұқтырғандардың 2,1% өлім-жітімді құрады. Қытай Халық Республикасы СІМ баспасөз хатшысы Хуа Чунингтің айтуынша, жаңа вирустан көз жұмғандар саны ЖРВИ, Эбола және тыныс алу синдромының вирусынан (MERS) қаза тапқандарға қарағанда әлдеқайда төмен.

- Біз бұл ауруды жеңуетіндігімізге толықтай сенімдіміз. Қытай билігі эпидемияның таралуын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдады, - деді ол

Коронавирустың жаңа түрі алғаш рет Қытайдың Ухань қаласында өткен жылдың желтоқсан айында тіркелді. 3 ақпандағы жағдай бойынша бұл қауіпті дертті жұқтырғандар саны 20 мыңнан асып кетті, қайтыс болғандар саны 425 адамды құрады. Өлімнің көп бөлігі вирус тараған Хубэй провинциясының астанасында орын алған. Уханда 313 адам көз жұмған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды