Құзырлы орган желідегі қосымша құн салығын қайтаруға қатысты видеоға түсінік берді

ferra.ru
Видеода адамдардың сенімін күшейте түсу үшін республикалық арналардың бірінде көрсетілген сюжет орналастырылған.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Youtube пен әртүрлі мессенджерлер арқылы тарап жатқан қосымша құн салығының қайтарылуы туралы видеодағы мәліметтің шындыққа еш жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Құзырлы мекемегілер 2019 жылдың аяғынан бастап "tax free" жүйесін қалай қолдануға болатынын Қазақстан азаматтарына түсіндіретін "Сообщили новость" деген атауда видео жаппай тарай бастағанын айтты. Сондай-ақ ол видеода адамдарға 100 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін ақша қайтарып алуға болатыны айтылады.

Видео авторы егжей-тегжей нұсқау беріп, адамды белгілі бір сайтқа кіруге шақырады. Содан кейін адвокатқа қызметі үшін 5000 теңге төлеуіңіз керек. Видео соңында қосымша құн салығы бойынша төлемдерді қайтара қабылдап алу үшін банктік картаның мәліметтерін теру сұралады. Сондай-ақ, видеода адамдардың сенімін күшейте түсу үшін республикалық арналардың бірінде көрсетілген сюжет орналастырылған. 2019 жылдың соңына қарай бұл видеоны 1 миллионнан астам адам қарады.

Ел азаматтарынан келіп түсіп жатқан сауалдарды ескере отырып, Мемлекеттік кірістер комитеті бұл видеоның еш шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Айта кетсек, қазіргі уақытта "салықсыз" жүйенің пилоттық нұсқасы Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығының базасында сыналып көріліп жатыр, ол 2022 жылға дейін жарамды. Осы жағынан алғанда, Қазақстанда қосымша құн салығы бойынша өтемақы алу құқығына "tax free" (салықсыз) жүйеге жатқызылған тауарларды сатып алушы шетелдіктер ие, деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды