Сәтпаев қаласында екі адамды қинап өлтірген

kabar.kg
Қаланың 34 жастағы тұрғыны ұсталды.

Сәтбаев қаласында екі адамды өлтіру бойынша қозғалған қылмыстық істің беті ашылды, деп хабарлайды zakon.kz.

16 ақпанда Сәтпаев қаласының полиция бөліміне қаладағы пәтерлердің бірінен қинап өлтірілген екі адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері марқұмдардың кім екенін анықтады. Аталған қылмысты жасау бойынша жедел-іздестіру шаралары барысында 34 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол тергеу барысында өз кінәсін мойындады, деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ДД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады