Атаулы әлеуметтік көмек: Ақтауда әйелдер кезекке таласып, қырқысты

lada.kz
Әйелдерге балаларына арнап азық-түлік таратылған.

Ақтауда №11 ықшам ауданында орналасқан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) таратылып, әйелдер қырғын болды, деп хабарлайды zakon.kz Lada-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде әйелдер арасындағы жанжалдың видеосы жарияланды.

Оқиға 25 ақпанда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде болған.

Видео сыртындағы адам бұл жанжал атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) бойынша азық-түлік тарату кезінде болғанын айтады. Әйелдерге балаларға арналған өнім, атап айтқанда: балалар тағамы, жарма, сүт және печенье берілген.

Әйелдер мүгедек баласы мен емшектегі баласын тастап келуге мәжбүр бұл араға. Мемлекет бізге қамқорлық жасады, рахмет. Азық-түлікке қол жеткізу үшін үш қатар кезекті еңсеру керек, - дейді автор.

Бұл жайтқа қатысты Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлнәр Хайрлиева түсінік берді.

Азық-түлік беріліп жатыр, бірақ айқай-шу жоқ. Тек екі әйел жеке басына байланысты жанжалдасқан, болды, - деді Гүлнар Хайрлиева.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді