"Теңізшевройл" кәсіпорыны мұржасынан улы газы бар түтін будақтаған

Сергей Бобылев / ТАСС
Түтін 20 минутқа дейін будақтады.

"Теңізшевройл" ЖШС (ТШО) кәсіпорны ауаға улы газ бөлді, деп хабарлайды zakon.kz.

Атырау облысының Экология департаменті ауаға улы газдың бөлінуіне байланысты "Теңізшевройл»"ЖШС кәсіпорынында жоспардан тыс тексеру жүргізеді, деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, ТШО кәсіпорыны мұржасынан 19 сәуірде құрамында улы газ бар түтін будақтаған.

19 сәуірде сағат 15:12-де кәсіпорындағы С-511 пешіндегі қысым жоғарылады. Қысымды төмендету үшін арнайы желіні ашуға тура келді, салдарынан мұржадан сыртқа күкірт диоксиді газы бар түтін бұрқ етіп шықты. Түтін 20 минутқа дейін будақтады. Атырау облысының Экология департаменті "Теңізшевройлға" қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Нәтижелері кейін қосымша жарияланады, - деді басқармадағылар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді