Алматыда 248 ойын автоматтарының көзі жойылды

user.vse42.ru
Бұл ойын автоматтары Алматы қаласында жүргізілген жедел іс-шаралары барасында тәркіленген болатын.

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері қалалық сот орындаушылармен бірлесе отырып қылмыстық істер бойынша тәркіленген ойын терминалдарын жойды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара барысында сот үкімі шыққан 13 қылмыстық іс бойынша 248 ойын терминалы жойылды. Бұл ойын автоматтары Алматы қаласында жүргізілген жедел іс-шаралары барасында тәркіленген болатын.

"Ойын бизнесі туралы" заңға сәйкес, ойынханалар мен ойын автомат залдары арнайы белгіленген жерлерде ғана рұқсат етіліп, (Алматы облысының Қапшағай су қоймасы жағалауында және Ақмола облысы Шучье ауданында), ал Қазақстанның басқа өңірлерінде ойынханалар мен ойын автомат залдарына тыйым салынған", – делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

ҚР ҚК 307-бабы, яғни "Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру" бойынша заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру деректері үшін және ойын бизнесін орналастыруға ғимаратты жалға бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды