Шымкентте педофил мектеп жасындағы екі қызды зорламақ болған

Біреуі - 5, тағы біреуі 8 жаста.

Кәмелетке толмағандарға бейтаныс еркектің тиіспек болғаны туралы 11 маусымда Шымкент қалалық полициясына арыз түскен. Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-тармағына, яғни "Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды zakon.kz.

Зорлау әрекеті фактісі бойынша Шымкент қалалық ПД қызметкерлерінің арасынан арнайы тергеу тобы құрылды.

Полиция қылмыс орын алған аудандағы тұрғын үйлерді тексерді. Жедел-тергеу тобының жедел, үйлесімді іс-қимылдарының, сондай-ақ азаматтардың көмегінің арқасында осы қылмыстарды жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Бұрын сотталмаған, үйленбеген, жұмыс істемейді. Ұсталған азамат өзінің жасаған ісін мойындады. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Айта кету керек, екі факті де сол күні, әртүрлі жерде және әртүрлі уақытта жасалған. Күдікті өзінің ұқыпсыздығы мен ата-анасының қарауынсыз қалғанын пайдаланып, кәмелетке толмағандардың қасына келіп, оларды алдап, сеніміне кірген.

Айта кету керек, ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабында өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырумен қатар, өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: