"Ауруханада адамдар өліп жатыр" деген видеоға қалалық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді

Соңғы бір тәуліктің ішінде ауруханаға аса ауыр халде жеткізілген 4 науқас көз жұмды.

Шымкенттегі аурухананың бірінде коронавирустан адамдар қайтыс болып жатқаны туралы желіде жүрген хабарламаға қатысты қалалық Денсаулық сақтау басқармасы жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Видео ролик әлеуметтік желіге жүктелген. Онда ауруханада көп адамның коронавирустан көз жұмып жатқаны туралы айтылады.

"Темір жол" ауруханасы базасында ашылған 120 төсек-орынға арналған провизорлық госпитальда жедел жәрдем көлігімен жеткізілген науқастарға шұғыл медициналық қызмет көрсетілуде. Эпидемиологиялық қолайсыз жағдайға байланысты жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілетін науқастардың саны артқан. Соңғы бір тәуліктің ішінде ауруханаға аса ауыр халде жеткізілген 4 науқас көз жұмды. станционарға жатқызылған науқастар арасында өлім көрсеткіші 3% құрайды. Марқұм 4 науқаста да қосалқы аурулары (қант диабеті, артериялық гипертензия, өкпенің ишемиялық аурулары) болған. Науқастардың өлім жағдайын зерделеу жөніндегі комиссия оның нақты себептерін алда анықтайтын болады, - дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Сондай-ақ қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты қала тұрғындарын сақтық шараларын қатаң ұстану ескертілді.

"Егер тұмау мен суық тию белгілері байқалса, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет. Қосымша сұрақтарыңыз болса, 39-33-47 нөмірі бойынша немесе Call-орталыққа хабарласуға болады" делінген хабарламада.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: